Болашақ мамандыққа бағыт: мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуі — ҚазҰУ

91ý

Болашақ мамандыққа бағыт: мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуі

19 мамыр 2026
Болашақ мамандыққа бағыт: мектеп оқушыларымен кәсіптік бағдар беру кездесуі

-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,Биология және биотехнология факультетінде 15.05.2026 ж мектеп оқушыларына арналған кәсіптік бағдар беру іс-шарасы өткізілді. Іс-шара барысында факультеттің профессор-оқытушылар құрамы мектеп оқушыларын факультетте жүзеге асырылатын білім беру бағдарламаларымен кеңінен таныстырды. Атап айтқанда, "6В05101 - Биологиялық инженерия", "6В05103 -Биотехнология (НЗМ)", "6В05107 - Микробиология", "6В05105 - Генетика", "6В05102 - Биология (НЗМ)", "6В05109 - Нейроғылым", "6В05108 - Биомедицина", "6В05088 -Қолданбалы биофизика", "6В05102 - Биология", "6В08402 - аквакультура және  су биологиялық ресурстары  білім беру бағдарламалары бойынша жан-жақты ақпарат берілді.

Кездесу барысында оқушыларға аталған мамандықтардың қазіргі даму бағыттары, ғылыми және практикалық маңызы, биология мен биотехнология салаларындағы инновациялық жетістіктері, еңбек нарығындағы сұранысы, халықаралық білім беру және академиялық ұтқырлық мүмкіндіктері, сондай-ақ болашақта кәсіби даму мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндірілді.Сонымен қатар, мектеп оқушылары факультеттің оқу және ғылыми-зерттеу зертханаларымен танысып, заманауи зертханалық құрал-жабдықтардың жұмысымен танысуға мүмкіндік алды.

Оқытушылар биологиялық ғылымдардың, генетика, биотехнология, биомедицина, нейроғылым, микробиология, биофизика, зоология және балық шаруашылығы бағыттарының қазіргі ғылым мен қоғам дамуындағы маңызын атап өтті. Іс-шара барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мамандардан толыққанды жауаптар алды. Мұндай кәсіптік бағдар беру жұмыстары жас ұрпақтың ғылымға қызығушылығын арттырып, жоғары білім беру бағдарламаларын саналы түрде таңдауға, болашақ мамандығын дұрыс айқындауға ықпал етеді. Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, мектеп оқушылары үшін танымдық әрі мазмұнды кездесу болды.