Қазақстан елдер арасындағы әріптестікті нығайтуға мүдделіFarabi University

91ý

Қазақстан елдер арасындағы әріптестікті нығайтуға мүдделі

19 мамыр 2026
Қазақстан елдер арасындағы әріптестікті нығайтуға мүдделі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумда сөз сөйледі. Президент Алтын Орда тарихына арналған халықаралық симпозиумға арнайы келген қадірлі атақты ғалымдар мен беделді халықаралық ұйымдардың өкілдеріне алғыс айтып, шынайы ризашылығын білдірді.  Сондай ақ Президент өз сөзінде Симпозиумның осындай беделді жаһандық ұйым аясында өтуі Алтын Орда мұрасының әлемдік ауқымдағы мән-мағынасы зор екенін атап өте келе,  

жалпы, еліміз ЮНЕСКО-ның қолдауымен көптеген маңызды жобаны жүзеге асырғанын, нақтырақ айтқанда, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Тамғалы тас петроглифтері, сондай-ақ бірнеше көне қала бүкіләлемдік мұралар Қазақстан Алтын Орда тарихын әлемдік жылнаманың күрделі, сан салалы кезеңі екенін еске салды. 

Геосаяси ахуал құбылып тұрған бүгінгідей заманда соғыстардың қасіретті хронология аясында қалмай, адамзат тарихындағы жасампаз кезеңдер мен диалог алаңдарының нәтижелі сәттеріне өте-мөте мән беру керектігін атап өтті. 

Қазіргі кезеңде әлемдік қоғамдастық тарихи жолайрықта тұр. Өркениетті таңдау алдындағы сындарлы сәтте ортақ тарихымызды халықтарды біріктіретін фактор ретінде ұсыну үшін беделді, кәсіби ғалымдардың күшін бір арнаға тоғыстыруды ұсынды. Бұл орайда тарихқа әділ әрі саяси тұрғыдан бейтарап баға беру маңызды нәрсе екенін білдірді. 

Президент ұлтымыздың материалдық емес мәдени мұраларын дәріптеу бағытында ауқымды жұмыс барысында былтыр ғана «Хандар шежіресі» деп аталатын бірегей қолжазба әлемдік деңгейде мойындалғанын атап өтті. Бұл – ел билеген тұлғалар туралы мәліметтерді топтастырған, соның ішінде Алтын Орда кезеңін қамтыған құнды құжат. Ел басшысы ынтымақтас елдермен байланысымызды одан әрі дамытуға мүдделі екенін білдіре отырып, осындай өзара тиімді, маңызды шаруаларды бірлесе, етене атқару үшін әлемдік күш жігерді бірлесе жұмылдыруға шақырды.

Баймуратова И.А. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, филология факультеті, шетел тілдері кафедрасының ассистент профессоры