Жаңа серіктестік — ҚазҰУ

91ý

Жаңа серіктестік

20 мамыр 2026
Жаңа серіктестік

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев ҚР Қаржылық мониторинг агенттігінің Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Нұржан Исмағұловпен кездесу өткізді. Сондай-ақ жүздесуге Ұйымдастыру-бақылау басқармасының басшысы Абылай Мырзаханов пен аппарат қызметкері Жақсылық Мырзахан қатысты. 

Тараптар университет пен департамент арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту, ғылым, білім және кәсіби даярлық бағытындағы бірлескен жұмыстарды дамыту мәселесін талқылады. Әсіресе қаржылық мониторинг саласына қатысты мамандар даярлау, студенттер үшін өндірістік тәжірибе базасын кеңейту бағытына ерекше назар аударылды.

Оқу ордасының басшысы Жансейіт Түймебаев құрметті қонақтарға ҚазҰУ-дың жетістіктерін таныстырды. Өз сөзінде ректор ЖОО мен департамент арасындағы әріптестік байланыс студенттердің тәжірибелік білімін арттыруға және кәсіби құзыреттілігін күшейтуге ықпал ететінін айтты. Сондай-ақ бірлескен дәрістер мен тағылымдамаларды ұйымдастырудың өзекті екенін жеткізді. 

Өз кезегінде Нұржан Исмағұлов университетпен бірлескен жұмыс экономикалық қауіпсіздік саласындағы заманауи тәсілдерді енгізуге де мол мүмкіндік ашатынын баса айтты. Құрметті қонақ департамент тарапынан тәжірибелік сабақтар, тағылымдамалар мен бірлескен оқыту бағдарламаларын ұйымдастыруға дайын екенін жеткізді.

Кездесуден соң арнайы кампус-тур ұйымдастырылып, ғылыми орталықтар мен зертханалардың қызметі таныстырылды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі