Докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезекті отырысы
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында 1–2 курс докторанттарының докторлық ғылыми-зерттеу жұмыстары (ДҒЗЖ) бойынша кезекті ғылыми отырысы өткізілді. Іс-шара барысында докторанттар өздерінің ғылыми-зерттеу қызметінің орындалу барысы туралы есеп беріп, жарияланған ғылыми мақалалары мен баспаға дайындалып жатқан еңбектері жөнінде мәлімет ұсынды.
Сонымен қатар, докторанттар докторлық диссертацияларының зерттеу бөлімдері, қолданылып жатқан ғылыми әдістер, зерттеу нысандары мен алынған алдын ала нәтижелер бойынша баяндамалар жасады. ылыми жұмыстардың мазмұны тұрақты даму, экология, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерін қамтыды.
Кездесу барысында ғылыми мақалаларды халықаралық рейтингтік журналдарда жариялау талаптары, зерттеу нәтижелерін рәсімдеу ерекшеліктері және ғылыми жұмыстың сапасын арттыру мәселелері талқыланды. Докторанттарға ғылыми жетекшілер мен кафедра оқытушылары тарапынан әдістемелік ұсыныстар берілді.
Аталған іс-шара докторанттардың ғылыми-зерттеу құзыреттіліктерін дамытуға, академиялық белсенділігін арттыруға және докторлық диссертациялардың сапалы орындалуына ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар