Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті «География және табиғатты пайдалану» факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында «8D05207 – Экология» білім беру бағдарламасының докторанты Жакупбекова Арай Алибековнаның «Development of comprehensive methods for organic compounds determination in the environmental samples» тақырыбындағы кеңейтілген докторлық семинары өтті.

Семинар барысында докторант диссертациялық жұмыстың өзектілігін, зерттеу мақсаты мен міндеттерін, қолданылатын ғылыми әдістерді, зерттеу нысандары мен күтілетін нәтижелерді таныстырды. ылыми зерттеу қоршаған орта үлгілеріндегі органикалық қосылыстарды анықтаудың кешенді әдістерін әзірлеуге бағытталған.
Кафедра оқытушылары мен ғылыми кеңес мүшелері тарапынан зерттеу жұмысының мазмұнына, құрылымына және ғылыми бағытына қатысты ұсыныстар мен ескертулер айтылды. Атап айтқанда, зерттеу тақырыбын экология бағытымен нақты байланыстыру, қоршаған ортаға әсерді бағалау аспектілерін күшейту, сондай-ақ диссертациялық жұмыстың ғылыми-әдістемелік бөлігін толықтыру қажеттігі атап өтілді. Докторантқа диссертациялық жұмысты жетілдіру және зерттеу бағытын нақтылау бойынша тиісті ұсыныстар берілді.
Басқа жаңалықтар