Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері халықаралық Anthropocene Case Competition 2026 байқауында III орын иелендіFarabi University

91ý

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері халықаралық Anthropocene Case Competition 2026 байқауында III орын иеленді

19 мамыр 2026
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері халықаралық Anthropocene Case Competition 2026 байқауында III орын иеленді

Әл-Фараби атындағы 91ý Kazakh National University География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының докторанттары мен магистрантынан құралған EcoNomads KZ командасы халықаралық Anthropocene Case Competition 2026 Finals байқауында жүлделі III орынды иеленді.

Байқауға әлемнің 26 мемлекетінен 85 команда қатысып, іріктеу кезеңдерінің қорытындысы бойынша Венгрияның Гёдёллё (Gödöllő) қаласында өткен финалдық кезеңге үздік 13 команда жолдама алды.

Байқау&Բ; базасында ұйымдастырылып, азық-түлік индустриясының болашағы, тұрақты даму және циркулярлы экономика бағытындағы инновациялық шешімдерге арналды.

Команда құрамында:

  • Дана Ахметжанова – экология мамандығы бойынша PhD докторанты (топ жетекшісі);

  • Айтолқын Әлимұратқызы – геоэкология және табиғатты пайдалану мамандығы бойынша PhD докторанты;

  • Роза Мұсағалиева – экология мамандығының магистранты болды.
    ылыми жетекшісі – техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Ольга Зубова.

Команда байқауда құс шаруашылығындағы қалдықтарды қайта өңдеу арқылы жоғары қосылған құны бар өнімдер өндіруге бағытталған инновациялық жобаны таныстырды. Жоба аясында:

  • құс қауырсындарынан белсендірілген көмір өндіру;

  • өндірістік қалдықтардан жоғары сапалы ақуызды жем әзірлеу;

  • қалдықсыз өндіріс пен циркулярлы экономика моделін енгізу мәселелері қарастырылды.

Сонымен қатар жоба су ресурстарын қайта пайдалану, биологиялық қауіпсіздік, көміртекті азайту және агроөнеркәсіптегі экологиялық тиімділікті арттыру бағыттарын қамтыды.

Халықаралық қазылар алқасы EcoNomads KZ командасының ғылыми негізделген, экологиялық және экономикалық тұрғыдан тиімді шешімдерін жоғары бағалап, команданы III орынмен марапаттады.

Бұл жетістік – ҚазҰУ-дың тұрақты даму, экология және жасыл технологиялар саласындағы халықаралық деңгейдегі ғылыми әлеуетінің тағы бір айқын дәлелі.