ТҮРКІТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КЕҢІСТІКТЕГІ БІЛІМ БЕРУ МЕН ЗЕРТТЕУ ӘЛЕУЕТІFarabi University

91ý

ТҮРКІТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КЕҢІСТІКТЕГІ БІЛІМ БЕРУ МЕН ЗЕРТТЕУ ӘЛЕУЕТІ

22 мамыр 2026
ТҮРКІТАНУ ЖӘНЕ ТІЛ ТЕОРИЯСЫ КАФЕДРАСЫНЫҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ КЕҢІСТІКТЕГІ БІЛІМ БЕРУ МЕН ЗЕРТТЕУ ӘЛЕУЕТІ

   2026 жылдың 21 мамырында әл-Фараби атындағы Қазақұлттық университетінде жетекші ғалымдардың, мемлекеттік қайраткерлер мен түркі әлемінің ең іріхалықаралық ұйымдары басшыларының басын қосқанжаһандық ауқымдағы айтулы оқиға – халықаралықконференцияның салтанатты ашылуы өтті. Университеттің негізгі ғылыми-білім беру орталықтарының бірі болып табылатын филология факультеті мен түркітану және тіл теориясы кафедрасымәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайтуға жәнеЕуразия кеңістігінің академиялық қауымдастықтарынинтеграциялауға бағытталған осы форумның белсендіұйымдастырушысы әрі қатысушысы ретінде бой көрсетті. Конференцияның алғашқы күніндегі салтанатты шараларсағат 10:00-де әл-Фараби кітапханасының Үлкенхоллында түркітану, лингвистика және мәдени мұрасаласындағы бірегей мұрағаттық материалдарды, іргелімонографиялар мен соны ғылыми еңбектерді паш еткенауқымды тақырыптық көрменің ашылуымен басталды. Сағат 10:30-да ресми жағдайда құрметті қонақтардыңқұттықтау сөздері тыңдалып, бүкіл іс-шараның жоғарыакадемиялық деңгейін айқындап берді. Қатысушыларғаарналған ашылу сөзінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУБасқарма төрағасы – ректоры, академик ЖансейітТүймебаев университеттің гуманитарлық ғылымдыжаңғыртудағы стратегиялық рөлін ерекше атап өтті. Конференцияның жоғары халықаралық мәртебесінХалықаралық Түркі академиясының президенті, академик Шаһин Мұстафаевтың, Түркі мемлекеттері ұйымыныңБас хатшысы, елші Кубанычбек Өмүралиевтің, ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан РеспубликасыныңҰлттық ғылым академиясының Басқарма президенті, академик Ақылбек Күрішбаевтың, ТҮРКСОЙ Бас хатшысы Сұлтан Раевтың және Түркі мәдениеті мен мұрасы қорының президенті, профессор АқтотыРайымқұлованың қатысуы дәлелдеді. Спикерлердіңбаяндамаларында бірлескен білім беру және зерттеужобалары призмасы арқылы тарихи жадыны сақтау мен түркі халықтарының ортақ болашағын қалыптастырудыңмаңыздылығы сөз болды. Конференцияны ұйымдастыруғажәне секциялық мәжілістердің модерациясынауниверситет басшылығы, кафедра меңгерушілері мен жетекші профессор-оқытушылар құрамы белсендіатсалысып, отандық филологиялық мектептің жоғарыдеңгейін көрсетті. Бұл ауқымды шара кафедраныңхалықаралық интеграция саласындағы озық жетістіктерінбекітіп қана қоймай, студенттердің академиялықұтқырлығы мен халықаралық деңгейдегі бірлескен іргелізерттеулер үшін жаңа көкжиектер ашты. 

   Іс-шараның ұйымдастырушылары мен жауаптытұлғалары: ҚазҰУ басшылығы,Жолдасбекова Баян Өмірбекқызы,  филология факультетінің деканы, ф.ғ.д., профессор., Баянбаевна Жадыра Амангельдиевна, деканның ғылым жөніндегі орынбасары, АваковаРаушангул Амирдиновна, түркітану және тіл теориясыкафедрасының меңгерушісі, Исмайлова НургульАхметхановна, түркітану және тіл теориясы кафедрасымеңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс жәнехалықаралық байланыстар жөніндеге орынбасары, PhDдокторы.