Халықаралық және корпоративтік тұрақты егіншілік стандарттарын енгізудің экологиялық тиімділігін бағалау.Farabi University

91ý

Халықаралық және корпоративтік тұрақты егіншілік стандарттарын енгізудің экологиялық тиімділігін бағалау.

22 мамыр 2026
Халықаралық және корпоративтік тұрақты егіншілік стандарттарын енгізудің экологиялық тиімділігін бағалау.

География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы базасында магистранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстары қорғалды. «Экологиялық топырақтану» мамандығының магистранты Қадыр С.С. «Тұрақты жер пайдаланудың халықаралық және корпоративтік стандарттарын енгізудің экологиялық тиімділігін бағалау» тақырыбындағы зерттеу нәтижелерін таныстырды.

Зерттеу Қазақстанның агроөнеркәсіптік секторындағы экологиялық тұрақтылық мәселелеріне арналды. Жұмыста ESG-тәсілдер, халықаралық тұрақты даму стандарттары және циркулярлық экономика қағидаттарын енгізудің тиімділігі қарастырылды.

 

 

ылыми талдау нәтижесінде Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жерлерінің шамамен 75%-ы деградацияға ұшырағаны, 90 млн гектар жер эрозия қаупінде екені анықталды. Сонымен қатар, суармалы жерлердің тұздануы мен су тапшылығы мәселелері де атап өтілді.

Зерттеуде органикалық қалдықтарды қайта өңдеу, компост пен органикалық тыңайтқыштар өндіру, сондай-ақ биоыдырайтын гидрогель материалдарын әзірлеу бағыттарының жоғары әлеуеті көрсетілді. Қорғау барысында азық-түлік өнеркәсібінің экологиялық және ресурстық тұрақтылығын арттыруға арналған практикалық ұсыныстар талқыланды.