Жапония Елшілігінің бірінші хатшысы факультетке арнайы келді
6 мамыр 2026
Қазақстандағы Жапония Елшілігінің бірінші хатшысы Такааки Удзихара Шығыстану факультетіне арнайы келіп, Қиыр Шығыс кафедрасына қарасты жапонтану бөлімінің қазіргі жай-күйімен танысты.
Факультет деканы М.Ш.Эгамбердиев, Қиыр Шығыс кафедрасының меңгерушісі А.Б.Абаған және жапонтану бөлімінің оқытушыларымен болған сұқбат кезінде бөлім студенттерінің жапон тілі деңгейі, мотивациясы, академиялық ұтқырлық бағдарламасы және тағы да басқа түрлі мәселелер жайлы әңгіме қозғалып, екі тарап өзара ынтымақтастық үшін бір-біріне алғыс айтты.
Бірінші хатшы жапонтану бөлімінің студенттерімен де кездесіп, олармен де еркін пікір алмасты.
.jpeg)
Басқа жаңалықтар
5 маусым 2026
27 мамыр 2026
26 мамыр 2026