Стратегиялық серіктестік — жаңа мүмкіндіктер алаңы!Farabi University

91ý

Стратегиялық серіктестік — жаңа мүмкіндіктер алаңы!

16 мамыр 2026
Стратегиялық серіктестік — жаңа мүмкіндіктер алаңы!

Бүгін әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да «Картография және геоинформатика» кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Қарулы Күштері Бас штабының Геоақпараттық қамтамасыз ету департаменті және әскери білім беру ұйымдарының өкілдерімен маңызды кездесу өтті.

Қонақтар университет кампусымен танысып, кафедраның оқу және ғылыми инфрақұрылымына арнайы tour жасады. Кездесу барысында геоинформатика саласындағы заманауи технологиялар, цифрлық картография, қашықтан зондтау және GIS бағыттары ерекше қызығушылық тудырды.

Дөңгелек үстелде:
— дуалды білім беру бағдарламаларын дамыту,
— өндіріс пен білім беруді байланыстыру,
— микроквалификация бағдарламаларын енгізу,
— студенттердің практикалық даярлығын арттыру,
— геоақпараттық технологиялар саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Әсіресе қазіргі еңбек нарығына бейімделген микроквалификация бағдарламаларына ерекше назар аударылып, бұл бағыт болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін күшейтудің тиімді жолы ретінде аталып өтті.

Кездесу нәтижесінде тараптар алдағы уақытта серіктестікті нығайтып, тәжірибе мен білімді ұштастыру бағытында бірлескен жұмыстарды жалғастыруға дайын екендіктерін білдірді.