Қиыр Шығыс кафедрасының студенті Бішкектен жүлделі оралды — ҚазҰУ

91ý

Қиыр Шығыс кафедрасының студенті Бішкектен жүлделі оралды

18 мамыр 2026
Қиыр Шығыс кафедрасының студенті Бішкектен жүлделі оралды

16 мамыр күні Қырғызстанның Бішкек қаласында өткен Орталық Азиялық жапон тілінен шешендік өнер сайысына Қазақстаннан 4 студент қатысты. Бұл 4 студент наурыз айында Қазақстан бойынша өткен жапон тілінен шешендік өнер сайысында жүлделі орын иеленіп, аталмыш сайысқа жолдама алған болатын. Соның үшеуі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің студенттері екенін мақтанышпен айта аламыз. 

Атап айтсақ, Қиыр Шығыс кафедрасы жапонтану бөлімінің студенттері Елеубай Абылай, Ильяшева Сара, Садықова Айым Орталық Азияның бес елі қатысқан үлкен додада өз күштерін сынап көрді. Сайыс нәтижесінде «Менің рюкзагым шытырман оқиғалар мен тосынсыйларға толы» деген тақырыпта сөйлеген жапонтану бөлімінің 1-курс студенті Садықова Айым 2-орынға ие болды. 

Халықаралық сайыста университетіміз ғана емес, еліміздің де мерейін асырған Айымға ризашылығымызды білдіріп, оқуына зор табыс, өмір жолына сәттілік тілейміз.