- Басты бет
- Жаңалықтар
- Факультет докторанттарымен диссертацияларды даярлау және уақтылы қорғау мәселелері талқыланды
Факультет докторанттарымен диссертацияларды даярлау және уақтылы қорғау мәселелері талқыланды
География және табиғатты пайдалану факультетінде докторанттардың жеке оқу жоспарларының орындалуын, ғылыми-зерттеу жұмыстарының барысын және диссертациялық зерттеулердің қорғауға дайындық деңгейін бағалауға бағытталған кезекті аттестаттау өткізілді.
Аттестаттау барысында докторанттар ғылыми қызметінің нәтижелерін, жарияланымдық белсенділігі туралы ақпаратты, зерттеу міндеттерінің орындалуын, шетелдік ғылыми тағылымдамалардан өтуін, халықаралық конференцияларға қатысуын және жеке оқу жоспарларының жүзеге асырылуын таныстырды. Диссертациялық зерттеулердің белгіленген мерзімде орындалуына, ғылыми нәтижелердің сапасына және жүргізіліп жатқан зерттеулердің жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйесінің заманауи талаптарына сәйкестігіне ерекше назар аударылды.
Іс-шара аясында докторанттардың ылыми кадрларды даярлау және аттестаттау басқармасының басшысы Л.А. Куановамен кездесуі өтті. Кездесу барысында философия докторы (PhD) дәрежесін даярлауға қойылатын қолданыстағы талаптар, аттестаттау рәсімдеріндегі өзекті өзгерістер, диссертациялық жұмыстарды қорғауға жіберу тәртібі, отандық және халықаралық ғылыми басылымдардағы жарияланымдарға қойылатын талаптар, сондай-ақ диссертациялық зерттеулерді рәсімдеу және сүйемелдеу мәселелері жан-жақты түсіндірілді.
Сонымен қатар академиялық адалдық қағидаттарын сақтау, ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру, Қазақстан Республикасы ылым және жоғары білім министрлігінің ылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті талаптарын орындау, сондай-ақ диссертацияны даярлаудың барлық кезеңдерін уақтылы аяқтаудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.
Ашық диалог барысында докторанттар жарияланымдық стратегияны қалыптастыру, ғылыми тағылымдамаларды ұйымдастыру, рейтингі жоғары халықаралық журналдарға мақалалар дайындау, алдын ала қорғау рәсімінен өту және диссертацияны қорғауға шығару үшін қажетті құжаттарды рәсімдеу мәселелері бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Кездесуге қатысушыларға докторлық диссертацияларды уақытылы қорғау ғылыми кадрларды даярлау тиімділігінің маңызды көрсеткіштерінің бірі әрі университеттің ғылыми әлеуетін дамытудың негізгі шарттарының бірі екендігі түсіндірілді. Белгіленген мерзімдерді сақтау ғылыми қызметтің үздіксіздігін қамтамасыз етуге, зерттеу нәтижелілігін арттыруға және университеттің ұлттық әрі халықаралық академиялық кеңістіктегі беделін нығайтуға мүмкіндік береді.
Осындай аттестаттау мен ақпараттық-түсіндіру кездесулерін өткізу докторанттарды даярлау сапасын арттыруға, жоғары академиялық мәдениетті қалыптастыруға және диссертациялық зерттеулерді табысты аяқтауға қолайлы жағдай жасауға ықпал етеді. География және табиғатты пайдалану факультеті жас зерттеушілерді қолдау бойынша жүйелі жұмыстарды жалғастырып, философия докторларын (PhD) даярлаудың барлық кезеңдерінде қажетті ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз етуде.