- Басты бет
- Жаңалықтар
- География және табиғатты пайдалану факультетінде 2025-2026 оқу жылының қорытындылары бойынша ылыми кеңес отырысы өтті
География және табиғатты пайдалану факультетінде 2025-2026 оқу жылының қорытындылары бойынша ылыми кеңес отырысы өтті
География және табиғатты пайдалану факультетінде кезекті ылыми кеңес отырысы өтіп, онда 2025–2026 оқу жылының қорытындылары шығарылып, алдағы кезеңге арналған дамудың басым бағыттары қарастырылды.
Негізгі баяндамамен факультет деканы А.С. Актымбаева сөз сөйледі. Отырыс барысында факультеттің білім беру қызметі, ғылыми-зерттеу жұмыстары, халықаралық ынтымақтастық, кадрлық саясат және инфрақұрылымды дамыту бағыттары бойынша қол жеткізілген нәтижелері таныстырылды.
Факультеттің география, экология, гидрометеорология, табиғатты пайдалану және тұрақты даму салаларындағы еліміздің жетекші білім беру және ғылыми орталықтарының бірі ретіндегі ұстанымын нығайтып келе жатқаны атап өтілді. Қазіргі таңда факультетте 46 білім беру бағдарламасы жүзеге асырылуда. Кадрлық әлеует жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамымен қамтамасыз етілген, ғылыми дәрежелілік деңгейі 67%-ды құрайды. Факультетте «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иегерлері, шетелдік жетекші университеттердің түлектері және өндірістік сектордан тартылған мамандар еңбек етеді.

ылыми кеңес барысында ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелеріне ерекше назар аударылды. Профессор-оқытушылар құрамының жарияланымдық белсенділігінің артуы, гранттық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру жобаларына қатысуының кеңеюі, халықаралық ғылыми ынтымақтастықтың дамуы және білім алушылардың ғылыми зерттеулерге белсенді тартылуы оң нәтижелер ретінде атап өтілді. Сонымен қатар ғылыми жарияланымдардың сапасын арттыру, халықаралық әріптестікті кеңейту және экологиялық әрі әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешуге бағытталған зерттеулер санын көбейту қажеттілігі айтылды.
Отырыс аясында факультеттің 2026-2029 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспары талқыланды. Білім беру бағдарламаларын жетілдіру, ғылыми инфрақұрылымды дамыту, факультеттің халықаралық деңгейдегі бәсекеге қабілеттілігін арттыру, жұмыс берушілермен байланысты нығайту және студенттер мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі факультет пен университеттің халықаралық рейтингтердегі көрсеткіштерін жақсарту, ғылыми жарияланым мәдениетін дамыту, жас ғалымдарды ғылыми зерттеулерге кеңінен тарту және ғылыми жобаларды қаржыландыру көлемін ұлғайту болды.

ылыми кеңес мүшелері 2025–2026 оқу жылында факультеттің негізгі көрсеткіштері табысты орындалғанын атап өтіп, білім беру сапасын арттыруға, ғылыми әлеуетті нығайтуға және халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған алдағы даму басымдықтарын айқындады.

Өткен ылыми кеңес факультеттің қол жеткізген нәтижелерін талқылауға, стратегиялық шешімдерді қалыптастыруға және География және табиғатты пайдалану факультетінің одан әрі дамуының негізгі бағыттарын белгілеуге мүмкіндік берген маңызды алаң болды.