«Парасат» кәсіподағы балаларға арнап мерекелік бағдарлама өткізді — ҚазҰУ

91ý

«Парасат» кәсіподағы балаларға арнап мерекелік бағдарлама өткізді

1 маусым 2026
«Парасат» кәсіподағы балаларға арнап мерекелік бағдарлама өткізді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Парасат» кәсіподағы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай, мерекелік іс-шара ұйымдастырды.

Мақсат балалардың шығармашылық және спорттық қабілеттерін дамыту, олардың бос уақытын мазмұнды өткізуіне жағдай жасау және көтеріңкі көңіл күй сыйлау болды.

Іс-шара барысында түрлі ойындар, спорттық жарыстар және «Бақытты ел – бақытты балалық шақ» атты шығармашылық байқау жеңімпаздарының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Атап айтқанда ләңгі тебу, асық ату және тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрлерінен сайыстар өткізіліп, балалар өз шеберліктерін көрсетті.

Сонымен қатар балалар асфальтқа сурет салу байқауына, әуе шарларын ату, арқан тарту, спорттық эстафета және шахмат жарыстарына белсенді қатысты. Қызықты әрі тартысты өткен бәсекелерде жеңімпаз атанған балалар арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Шара соңында қатысушылар мен ата-аналар ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, мерекелік кеш көтеріңкі көңіл күймен аяқталды.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі