Жоғары білім мен құқық жүйесі арасындағы байланыс күшейеді — ҚазҰУ

91ý

Жоғары білім мен құқық жүйесі арасындағы байланыс күшейеді

2 маусым 2026
Жоғары білім мен құқық жүйесі арасындағы байланыс күшейеді

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев Алматы қаласы Әділет департаментінің басшысы Ернар Сейдімбекпен кездесу өткізді. 

Кездесу барысында екі тарап жоғары білім беру саласы мен құқықтық жүйе арасындағы өзара ықпалдастықты күшейту мәселесін талқылады. Университет пен Әділет департаменті арасындағы ұзақ мерзімді серіктестікті дамыту, құқықтық мәдениетті арттыру және заң саласында білікті кадрлар даярлау бағыттары негізгі назарға алынды.

Сондай-ақ студенттердің тәжірибелік даярлығын жетілдіру мақсатында бірлескен жобаларды жүзеге асыру, өндірістік тәжірибе базаларын кеңейту және тағылымдамадан өту мүмкіндіктерін арттыру жөнінде пікір алысты. Құқық саласындағы заманауи өзгерістерді ескере отырып, білім беру бағдарламаларын жаңарту және оларды тәжірибемен ұштастыру қажеттігі де айтылды.

Келіссөз нәтижесінде тараптар алдағы уақытта өзара ынтымақтастықты нақты жобалар арқылы тереңдетуге дайын екендерін білдіріп, бірлескен жұмыс бағыттарын одан әрі дамытуға келісті.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі