Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанаты
2026 жылғы 4 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Филология факультетінің Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының «6В02303 – Шетел филологиясы (батыс тілдері)» білім беру бағдарламасының 3-курс студенттері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын көтеру салтанатты рәсіміне қатысты, өндірістік практика аясында(«Алматы қаласының түрікмен қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі).

Іс-шара Алматы қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Медеу» биік таулы спорт кешенінде өтіп, оған қала әкімдігі өкілдері, қоғам қайраткерлері және қала жастары қатысты.
Салтанатты рәсімге қатысу студенттер үшін маңызды оқиға болып, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауды қалыптастыруға, патриоттық құндылықтарды нығайтуға, азаматтық жауапкершілікті дамытуға және мәдениетаралық өзара түсіністікті арттыруға ықпал етті. Студенттер мұндай іс-шаралардың Қазақстан Республикасының тарихымен, мәдениетімен және мемлекеттік дәстүрлерімен танысудағы маңыздылығын атап өтті.
Салтанатты рәсім қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, Қазақстанның мемлекеттік рәміздеріне, тарихына және мәдени мұрасына деген құрмет сезімін нығайтуға ықпал етті.
Жауаптылар:
Азимбаева И.К.
кафедра меңгерушісінің ғылыми-инновациялық жұмыс және халықаралық байланыстар жөніндегі орынбасары;
Онгарбаева М.С.
Шетел филологиясы және аударма ісі кафедрасының аға оқытушысы