2026 жылғы 1 маусымда «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерінің оқу практикасы аясында факультетте Француз Альянсының атқарушы директоры Франсуа Монеже мен ұйымның әкімшілік директоры Жанна Естаулетовамен кездесу өтті. — ҚазҰУ

91ý

2026 жылғы 1 маусымда «Халықаралық қатынастар» білім беру бағдарламасының 1-курс студенттерінің оқу практикасы аясында факультетте Француз Альянсының атқарушы директоры Франсуа Монеже мен ұйымның әкімшілік директоры Жанна Естаулетовамен кездесу өтті.

4 маусым 2026

Қонақтар Альянстың негізгі қызмет бағыттары, мақсаттары мен қол жеткізген нәтижелері, қазіргі әлемдегі француз тілінің рөлі, сондай-ақ Қазақстандағы француз бизнесінің дамуы туралы әңгімеледі. Француз Альянсы жүзеге асырып отырған білім беру жне мәдени жобаларға, сонымен қатар ұйымның студенттерге француз тілін меңгеру, халықаралық бағдарламаларға, мәдени іс-шараларға жне академиялық алмасуларға қатысу үшін ұсынатын мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.

Студенттер француз тілін үйренудегі қиындықтарды еңсеру жолдары, оқытудың тиімді әдістемелері жне тілдік дағдыларды тәжірибеде шыңдау мәселелеріне қызығушылық танытты. Кездесу барысында білім алушылар халықаралық қатынастар жне дипломатия саласындағы болашақ кәсіби қызмет үшін француз тілін меңгерудің маңызы мен келешегі жөнінде белсенді түрде сұрақтар қойды.

Іс-шара ашық диалог форматында өтіп, студенттердің үлкен қызығушылығын тудырды. Кездесу олардың франкофондық әлем туралы түсініктерін кеңейтуге, мәдениетаралық өзара іс-қимылды нығайтуға жне шет тілдерін үйренуге деген ынтасын арттыруға ықпал етті.