«МЕТЕОРОЛОГИЯ» БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ СТУДЕНТТЕРІ ОҚУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН ӨТТІ
2026 жылғы 25 мамыр мен 6 маусым аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ География және табиғатты пайдалану факультетінің Метеорология және гидрология кафедрасы, "Метеорология" білім беру бағдарламасы студенттері оқу тәжірибесінен өтті.
Оқу тәжірибесінің негізгі мақсаты студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыру, метеорологиялық бақылау жүргізу әдістерін меңгеру және кәсіби дағдыларын қалыптастыру болды.
Тәжірибе барысында студенттер Алматы қаласындағы Қазгидромет филиалының жұмысымен танысып, метеорологиялық бақылаулар жүргізу, алынған деректерді өңдеу және талдау жұмыстарын орындады. Сонымен қатар Шымбұлақ метеостанциясында болып, таулы аймақтардың климаттық ерекшеліктерімен және метеорологиялық бақылау құралдарының жұмысымен танысты.

Студенттер сондай-ақ әл-Фараби атындағы ҚазҰУ метеорологиялық станциясында тәжірибелік жұмыстар жүргізіп, ауа температурасы, атмосфералық қысым, ауа ылғалдылығы, жел бағыты мен жылдамдығы сияқты негізгі метеорологиялық элементтерге бақылау жасады. Бақылау нәтижелері арнайы журналдарға тіркеліп, кейін есептік жұмыстарда пайдаланылды.

Оқу тәжірибесінің қорытындысы бойынша студенттер жиналған мәліметтерді талдап, есептер дайындап, өз нәтижелерін таныстырды. Тәжірибе болашақ метеоролог мамандардың кәсіби құзыреттерін дамытуға және практикалық тәжірибе жинақтауына мүмкіндік берді.

Басқа жаңалықтар