ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ BRIGHAM YOUNG UNIVERSITY (АҚШ) СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ — ҚазҰУ

91ý

ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ BRIGHAM YOUNG UNIVERSITY (АҚШ) СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

5 маусым 2026
ШЫҒЫСТАНУ ФАКУЛЬТЕТІНДЕ BRIGHAM YOUNG UNIVERSITY (АҚШ) СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН АШЫҚ ДӘРІС ӨТТІ

2026 жылғы 5 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінде «Religious Encounters and Cultural Symbols in Ancient Central Asia» («Ежелгі Орталық Азиядағы діндердің өзара әрекеттесуі және мәдени символдар») тақырыбында ғылыми-танымдық ашық дәріс өтті. Семинарды Шығыстану факультетінің зерттеуші-профессоры, тарих ғылымдарының докторы Ерекешева Лаура Ғибратқызы жүргізді. Іс-шараға арнайы Brigham Young University (АҚШ) университетінің білім беру сапары аясында келген студенттері қатысты. 

Семинардың мақсаты – білім алушылардың Орталық Азияның бай тарихи-мәдени мұрасы жайлы білімдерін кеңейту, оларға өңірдегі діни және мәдени үдерістердің ерекшеліктерін түсіндіру, жастардың ғылыми зерттеулерге қызығушылығын арттыру.

Дәріс барысында Орталық Азияның тарихи-мәдени кеңістігінің қалыптасуы, аймақтағы түрлі діни дәстүрлер мен өркениеттердің өзара ықпалы, өңірдің мәдениеттер мен діндер тоғысқан маңызды орталық ретіндегі рөлі жан-жақты талқыланды. Сонымен қатар ежелгі Орталық Азиядағы мәдени символдардың маңызы мен олардың қоғам дамуына әсері туралы ғылыми негіздемелер ұсынылды.

Іс-шара барысында қатысушылар тақырып бойынша өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, халықаралық академиялық ортадағы заманауи зерттеулермен танысу мүмкіндігіне ие болды.

Мұндай ғылыми семинарлар студенттердің кәсіби білімін тереңдетуге, мәдениетаралық түсіністікті дамытуға және университеттің халықаралық ғылыми байланыстарын нығайтуға ықпал етеді.