ҚазҰУ мен Токио университеті жаңа серіктестік мүмкіндіктерін қарастырды — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ мен Токио университеті жаңа серіктестік мүмкіндіктерін қарастырды

8 маусым 2026
ҚазҰУ мен Токио университеті жаңа серіктестік мүмкіндіктерін қарастырды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма мүшесі – академиялық мәселелер бойынша проректор Алина Галеева Токио университетінің атқарушы вице-президенті Каори Хаясимен кездесу өткізді. 

Жүздесуде жоғары білім беру және ғылым саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселесі талқыланды.

 

ҚазҰУ проректоры Алина Галеева академиялық ұтқырлық бағдарламасын кеңейту, бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу бойынша ұсынысын жеткізді. Проректордың айтуынша, аталған жұмыстарды іске асыруда қос университеттің мүмкіндігі мен әлеуеті толық жетеді. 

Өз кезегінде құрметті қонақ Каори Хаяси Токио университетінің қызметі мен жетістігін таныстырды. Сондай-ақ өз сөзінде вице-президент айтылған ұсыныс-пікірді қолдайтынын айтып, оқытушылар мен студенттер алмасуын дамыту, сондай-ақ халықаралық білім беру жобаларын жүзеге асыру қажет екенін жеткізді. 

Жүздесу қорытындысында тараптар өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екендіктерін білдіріп, болашақта нақты жобалар мен бастамаларды бірлесіп жүзеге асыруға қызығушылық танытты.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі