- Басты бет
- Жаңалықтар
- Экономика және бизнес жоғары мектебі халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда
Экономика және бизнес жоғары мектебі халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайтуда
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің экономика және бизнес жоғары мектебінде факультет деканының Пенджаб университетінің қауымдастырылған профессоры және АҚШ-тың Калифорния штатындағы Virscend University университетінің аға ғылыми қызметкері, Scopus базасындағы H-index көрсеткіші 18-ге тең доктор Раб Наваз Лодхимен кездесуі өтті.
Кездесу барысында тараптар халықаралық академиялық және ғылыми ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру, жоғары рейтингті халықаралық журналдарда ғылыми мақалалар жариялау, оқытушылар мен білім алушылардың академиялық ұтқырлығын дамыту, сондай-ақ халықаралық ғылыми іс-шараларды бірлесіп ұйымдастыру бағыттары қарастырылды.
Кездесуде ғылыми жарияланымдардың сапасы мен санын арттыру, пәнаралық зерттеулерді дамыту және Қазақстан, Пәкістан мен АҚШ университеттері арасындағы серіктестік байланыстарды кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды. Доктор Раб Наваз Лодхи халықаралық деңгейдегі ғылыми зерттеулер жүргізу және беделді индекстелетін журналдарда жарияланымдар дайындау бойынша тәжірибесімен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара тиімді әріптестікті одан әрі нығайтуға, ғылыми және білім беру саласындағы бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін білдірді.
Мұндай кездесулер Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың халықаралық байланыстарын кеңейтуге, ғылыми әлеуетін арттыруға және әлемдік академиялық кеңістіктегі беделін нығайтуға ықпал етеді.

Басқа жаңалықтар