Жаңа тағайындаулар — ҚазҰУ

91ý

Жаңа тағайындаулар

11 маусым 2026
Жаңа тағайындаулар

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев проректор және департамент басшылығына қатысты кадрлық тағайындаулар туралы бұйрыққа қол қойды. 

        Бұйрыққа сәйкес, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Басқарма Төрағасының орынбасары – бірінші проректор міндетін атқарушы лауазымына Ермекбаев Самғат Қуатұлы тағайындалды. 

        Самғат Ермекбаев Павлодар  қаласының әкімдігінде, ҚР ылым және жоғары білім министрлігінде жауапты қызметтерді атқарған. «Мамандығым – болашағым» жобасының жетекшісі болып, Сәтбаев университетінде проректор лауазымын абыроймен атқарды. 

        Сонымен қатар Академиялық мәселелер жөніндегі   департаменті директорының міндетін атқару Бөлегенова Сымбат Әлиханқызына жүктелді. 

        Ал Ақпараттық технологиялар департаменті директорының міндетін атқарушы болып Бүркіт Жүнкебеков бекітілді. 

        Университет ұжымы жаңадан тағайындалған басшыларды жауапты қызметтерімен құттықтап, алдағы жұмыстарына табыс тілейді.

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі