Болашақ маркетологтар мен логистер «Керемет Су СКЕ» кәсіпорынында: Теория мен Тұрақты дамудың ұштасуы — ҚазҰУ

91ý

Болашақ маркетологтар мен логистер «Керемет Су СКЕ» кәсіпорынында: Теория мен Тұрақты дамудың ұштасуы

12 маусым 2026
Болашақ маркетологтар мен логистер «Керемет Су СКЕ» кәсіпорынында: Теория мен Тұрақты дамудың ұштасуы

«Бизнес-технологиялар» кафедрасыныңұйымдастыруымен 1-3 мамыр аралығында«Логистика» және «Маркетинг» білім беру бағдарламаларының 1-курс студенттері «КереметСу СКЕ» компаниясына өндірістік-танымдықэкскурсияға барды.

Бұл іс-шара студенттердің теориялық білімінтәжірибемен ұштастырып қана қоймай, университетіміз белсенді қолдайтын БҰҰ-ныңТұрақты даму мақсаттарын (ЦУР) іс жүзіндекөруге мүмкіндік берді:

ЦУР 6: Таза су және санитария – Студенттер кәсіпорындағы ауыз су өндірісінің технологиялық кезеңдерімен, суды сүзу және сапасын бақылаудың заманауи жүйелерімен танысты.
ЦУР 8: Лайықты жұмыс және экономикалық өсу – Болашақ мамандар жеткізу тізбегін басқару, қойма логистикасын оңтайландыру және нарықта брендті ілгерілетудің заманауи маркетингтік стратегияларын зерттеді.
ЦУР 12: Жауапты тұтыну мен өндіріс – Шикізатты үнемді қабылдау, дайын өнімді экологиялық тасымалдау және қалдықсыз өндіріс үдерістері талқыланды.

Экскурсия барысында компания мамандары студенттермен тығыз байланыс орнатып, тұтынушылармен жұмыс істеу және маркетингтік инсайттармен бөлісті.

Іс-шараға жоғары деңгейде жетекшілік еткен «Бизнес-технологиялар» кафедрасының оқытушылары: э.ғ.к., доцент Н.Х. Маулина, аға оқытушылар А.К. Бекметова, А.Ж. Болтаева, А.Б. Аликбаева және М.Д. Шарапиева. Тәжірибеге бағытталған мұндай шаралар нарық талаптарына сай сапалы мамандар даярлаудың басты кепілі болып табылады.