- Басты бет
- Жаңалықтар
- Биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуы жалғасуда
Биоалуантүрлілікті сақтау саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың дамуы жалғасуда
2026 жылғы 25 мамырда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментінде экожүйелер мен биоалуантүрлілікті қорғау саласындағы халықаралық өзара іс-қимыл мәселелеріне арналған кездесу өтті.
Кездесуге Халықаралық ынтымақтастық және интернационалдандыру департаментінің директоры Омиржанов Есбол Токтарбаевич, Дрезден техникалық университеті құрметті профессоры, NETSCI GmbH компаниясының басқарушы директоры Крамер Маттиас, ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық палатаның эколог-сарапшысы, «Қазақ табиғат қорғау қоғамы» төрайымы Скакова Айжан Амангельдиевна, география және табиғатты пайдалану факультетінің деканы Актымбаева Алия Сағындыққызы, сондай-ақ Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының меңгерушісі Базарбаева Турсынкүл Аманкелдіқызы қатысты.
Кездесу барысында Экожүйелер мен биоалуантүрлілікті қорғау бойынша Орталық Азия-Германия институты жұмысының қорытындылары шығарылып, алдағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.
KLINU жобасына ерекше назар аударылды. Жоба Орталық Азиядағы жеміс дақылдарының генетикалық ресурстарын климатқа төзімді ауыл шаруашылығы үшін селекциялық әлеует тұрғысынан бірлесіп зерттеуге арналған құрылым құруды көздейді. Сонымен қатар жоба Қазақстан мен Қырғызстанның ғылыми ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, ұлттық үйлестіру орталықтарын нығайтуға және халықаралық ғылыми қауымдастықпен өзара байланысты кеңейтуге бағытталған.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар бірлескен ғылыми бастамаларды одан әрі дамытуға дайын екендіктерін білдіріп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Германияның мәдени өсімдіктер жөніндегі федералдық зерттеу орталығы арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.
Басқа жаңалықтар