«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының студенттері өндірістік тәжірибеден өтуде — ҚазҰУ

91ý

«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының студенттері өндірістік тәжірибеден өтуде

1 маусым 2026
«Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі»  білім беру бағдарламасының студенттері өндірістік тәжірибеден өтуде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультеті, Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының «6B11201 – Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттері өндірістік практика аясында ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде тәжірибеден өтуде.

Практика жетекшісі – Байботаева Айгуль Диханбаевна. Практика барысында студенттер төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою бағытындағы мемлекеттік органдардың қызметімен танысып, азаматтық қорғау жүйесінің құрылымы мен негізгі міндеттерін зерделеуде.

Өндірістік практика студенттердің теориялық білімдерін тәжірибемен ұштастыруға, кәсіби құзыреттіліктерін дамытуға және болашақ маман ретінде практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік береді. Мұндай тәжірибелік дайындық қоршаған ортаны қорғау, қауіпсіздік және төтенше жағдайлардың алдын алу саласында білікті мамандар даярлаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.