Тұрақты даму мақсаттарының 3, 4 және 5-бағыттары аясында Наурызнама мерекесіне орай әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де «Шаңырақ күні» аталып өтті. Іс-шарада отбасы құндылықтары, ұрпақ сабақтастығы мен ұлттық тәрбие кеңінен насихатталды.
Шараға Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының аға оқытушысы Әбенов Б.К. , студенттер мен түлектер қатысып, отбасының қоғамдағы орны, сыйластық пен түсіністіктің маңызы туралы ой бөлісті.
Қазақ дүниетанымындағы шаңырақ - береке мен бірліктің, әулет жалғастығының символы. Отбасы құндылықтарын дәріптеу, жастарға өнегелі тәрбие беру - баршамызға ортақ міндет.
«Шаңырақ күні» ұлттық болмысымызды ұлықтап, отбасы жарастығын насихаттайтын тағылымды мерекеге айналды.

ЕҒжС кафедрасы
Басқа жаңалықтар
19 маусым 2026