Сенбілік жұмыстары — ҚазҰУ

91ý

Сенбілік жұмыстары

15 сәуір 2026
Сенбілік жұмыстары

Тұрақты даму мақсаттарының 11, 13 және 17-бағыттары аясында 2026 жылғы 14 сәуір күні механика-математика факультетінің «Көмек» қоғамдық қорының еріктілері №4 арнайы мектеп-интернатында сенбілік жұмыстарын өткізді.  

Іс-шара «Таза Қазақстан» бастамасы аясында ұйымдастырылып, қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және қоғамдық кеңістіктердің тазалығын сақтау мақсаттарын қамтыды.  

Шараға Есептеу ғылымдары және статистика кафедрасының аға оқытушысы Әбенов Б.К. қатысып, жастардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру мен қоғамдық еңбекке баулудың маңыздылығын атап өтті.  

Еріктілер мектеп ауласын тазалап, қоқыстарды жинап, аумақты абаттандыру жұмыстарына белсене қатысты. Сонымен қатар, ағаштар мен гүлдер отырғызылып, мектеп аумағы ретке келтірілді.  

Мұндай игі бастамалар жастарды еңбекке баулып, табиғатты аялауға және қоғам алдындағы жауапкершілікті арттыруға бағытталған.  

Тазалық - әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!

ЕҒжС кафедрасы