🏆 Қуанышты жаңалық! — ҚазҰУ

91ý

🏆 Қуанышты жаңалық!

30 мамыр 2026
🏆 Қуанышты жаңалық!

2026 жылғы 28–29 мамыр күндері өткен «Еуразиялық медицина және онкология саласындағы интеллектуалды шешімдердің цифрлық форумы» аясындағы «Идеядан медициналық инновацияға дейін» стартаптар мен инновациялық жобалар байқауында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің 4 курс студенті, «Робототехникалық жүйелер» білім беру бағдарламасының білім алушысы Алжабаева Аружан «Креативті жоба» номинациясының иегері атанды! 🎉

📌 Байқау медицина, онкология және инновациялық технологиялар саласындағы үздік стартаптар мен интеллектуалды шешімдерді анықтауға бағытталды. Форум аясында жас ғалымдар мен студенттер өздерінің тың жобаларын ұсынып, сарапшылар алдында қорғады.

🌍 Жоба Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарының (ЦУР) «Денсаулық және әл-ауқат», «Сапалы білім» және «Индустрия, инновация және инфрақұрылым» бағыттарымен үндесіп, ғылым мен технологияны дамытуға өз үлесін қосуда.

✨ Алжабаева Аружанды шын жүректен құттықтаймыз!
Шығармашылық ізденісіңіз, инновациялық ойларыңыз бен ғылымға деген қызығушылығыңыз жаңа жетістіктерге жетелей берсін. Алар асуларыңыз биік, жобаларыңыз сәтті болсын!

Автор: PhD Ахметова Балжан Ибрагимқызы