ҚазҰУ журналдарының Scopus рейтингіндегі көрсеткіштері жақсарды — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ журналдарының Scopus рейтингіндегі көрсеткіштері жақсарды

4 маусым 2026
ҚазҰУ журналдарының Scopus рейтингіндегі көрсеткіштері жақсарды

2025 жылғы жаңартылған Scopus ғылыми-метриялық көрсеткіштерінің нәтижелері бойынша әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің екі ғылыми журналы халықаралық ғылыми басылымдар рейтингіндегі өз позицияларын жақсартты.

«KazNU Bulletin. Mathematics, Mechanics, Computer Science Series» журналы оң динамика көрсетіп, Mathematics (miscellaneous) пәндік бағыты бойынша өз орнын нығайтты. Дәйексөз келтіру көрсеткіштерінің және рейтингтік көрсеткіштердің өсуі журналда жарияланған ғылыми зерттеулердің отандық және халықаралық ғылыми қауымдастық арасында сұранысқа ие екенін көрсетеді.

Сонымен қатар, «International Journal of Mathematics and Physics» журналы да рейтингтегі көрсеткіштерін жақсартты. Бұл жетістік редакциялық алқаның жарияланым сапасын арттыру, халықаралық ынтымақтастықты кеңейту және жоғары академиялық стандарттарды сақтау бағытындағы жүйелі жұмысының нәтижесі болып табылады.

Қол жеткізілген нәтижелер журналдардың ғылыми ықпалының артып келе жатқанын, халықаралық деңгейдегі танымалдығының кеңейгенін және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ғылыми басылымдарының әлемдік академиялық кеңістіктегі беделінің нығайып отырғанын көрсетеді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Механика-математика факультетінің Математика кафедрасы екі журналдың редакциялық алқасын осы маңызды жетістікпен шын жүректен құттықтайды. Редакциялық алқа құрамында факультетіміздің оқытушылары мен ғалымдарының болуы біз үшін ерекше мақтаныш. Олардың қажырлы еңбегі мен кәсібилігі ғылымның дамуына және университетіміздің халықаралық беделінің артуына зор үлес қосып келеді.

Редакциялық алқаларға алдағы уақытта да толағай табыстар, жаңа ғылыми жетістіктер, халықаралық деңгейдегі танымалдықтың артуын және журналдардың әлемдік ғылыми рейтингтердегі позицияларының одан әрі нығаюын тілейміз.