IPMS 2026 — ҚазҰУ

91ý

IPMS 2026

8 маусым 2026
IPMS 2026

Математика кафедрасының оқытушылары IPMS 2026 халықаралық конференциясына қатысты

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Механика-математика факультетінің Математика кафедрасының оқытушылары Хомпыш Хонатбек, Шәкір Айдос және Мухамбеткалиев Мурат IPMS 2026 халықаралық ғылыми конференциясына қатысты.

IPMS 2026 конференциясы әртүрлі елдерден келген ғалымдар мен зерттеушілерді біріктіріп, математика және оған сабақтас ғылыми бағыттардағы өзекті мәселелерді талқылауға мүмкіндік берді. Осындай халықаралық ғылыми іс-шараларға қатысу академиялық ынтымақтастықты дамытуға, ғылыми тәжірибе алмасуға және халықаралық байланыстарды нығайтуға ықпал етеді.

Конференция барысында кафедра оқытушылары өздерінің ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін ұсынып, ғылыми пікірталастарға қатысып, шетелдік әріптестерімен жаңа кәсіби байланыстар орнатты.

Математика кафедрасының ұжымы әріптестерін халықаралық конференцияға сәтті қатысуымен құттықтап, оларға жаңа ғылыми жетістіктер, жемісті зерттеулер және халықаралық ғылыми кеңістікте жаңа табыстар тілейді.

Математика кафедрасы