Цифрлық платформалар және тұрақты даму бойынша халықаралық біліктілікті арттыру курсының өткізілуі — ҚазҰУ

91ý

Цифрлық платформалар және тұрақты даму бойынша халықаралық біліктілікті арттыру курсының өткізілуі

9 маусым 2026
Цифрлық платформалар және тұрақты даму бойынша халықаралық біліктілікті арттыру курсының өткізілуі

2026 жылғы 18–30 мамыр аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Жоғары экономика және бизнес мектебінің «Экономика» кафедрасы жанындағы «Кәсіпкерлік және инновациялар» орталығы «Цифрлық платформалар және тұрақты даму: ТДМ-ды білім мен ғылымға интеграциялау» тақырыбында біліктілікті арттыру курсын табысты өткізді.

Бағдарламаның жетекшісі әрі авторы – экономика ғылымдарының кандидаты, «Экономика» кафедрасының доценті Есенгазиева Сәуле Көпешқызы. Курс Тұрақты даму мақсаттарына (ТДМ) қол жеткізу үшін цифрлық платформаларды пайдалану саласындағы заманауи құзыреттерді қалыптастыруға, сондай-ақ тұрақты даму қағидаттарын білім беру және ғылыми-зерттеу қызметіне интеграциялау дағдыларын дамытуға бағытталды.

Бағдарлама аясында білім беру мен ғылымды цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелері, цифрлық білім беру платформаларын қолдану, жасанды интеллект пен деректер аналитикасын білім беру үдерісінде пайдалану, сондай-ақ заманауи цифрлық технологиялар арқылы ТДМ-ды іске асырудың халықаралық тәжірибесі қарастырылды. Тұрақты даму мақсаттарына бағдарланған білім беру контентін әзірлеу, цифрлық құзыреттерді қалыптастыру және цифрлық экономика үшін мамандар даярлауда инновациялық тәсілдерді енгізу мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Курсқа Өзбекстан Республикасындағы Самарқанд экономика және сервис институтының оқытушылары қатысты: Саттарова З.И., Шадиева Г.М., Артиков З.С., Рузиева Н.Б., Мирзаева Ш.Н., Эрдонов М.Э., Шерматов А.А., Фозилов В.А., Бердикулова И.Р. және Мусинов Д.С.

Аталған білім беру бағдарламасын іске асыру халықаралық ғылыми-білім беру ынтымақтастығын кеңейтуге, цифрландыру мен тұрақты даму саласындағы озық тәжірибелермен алмасуға, сондай-ақ Орталық Азия жоғары оқу орындарының қызметіне заманауи білім беру тәсілдерін одан әрі енгізуге қолайлы жағдай жасауға ықпал етті. Курс кәсіби диалог, білім трансфері және Қазақстан мен Өзбекстан академиялық қауымдастықтарының өкілдері арасындағы университетаралық байланыстарды нығайтудың тиімді алаңына айналды.

Курс халықаралық академиялық ынтымақтастықты нығайтуға, цифрлық құзыреттерді дамытуға және білім беру мен ғылыми-зерттеу қызметіне инновациялық технологияларды енгізуге, сондай-ақ тұрақты даму міндеттерін тиімді шеше алатын мамандарды даярлауға ықпал етеді.