- Басты бет
- Жаңалықтар
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Үздік оқытушы – 2026» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың «Үздік оқытушы – 2026» байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті
16 маусым 2026 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2026 жылғы Үздік оқытушысы» байқауының лауреаттарын марапаттау салтанаты өтті.
Байқау лауреаттарын әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Қансеитұлы Түймебаев құттықтап, олардың жоғары кәсіби біліктілігін, педагогикалық шеберлігін және университеттің білім беру мен ғылыми қызметін дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтті.
Байқау қорытындысы бойынша «Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың 2026 жылғы Үздік оқытушысы» номинациясында PhD, қауымдастырылған профессор Избасова Асель Борановна лауреат атанды.
«Ағылшын тілінде үздік оқыту» номинациясы бойынша PhD, қауымдастырылған профессор міндетін атқарушы Сураева К.С. жеңімпаз деп танылды.
Аталған марапаттар жоғары білім беру саласындағы елеулі жетістіктердің, профессор-оқытушылар құрамының кәсіби еңбегінің және халықаралық білім беру стандарттарын дамытуға қосқан үлесінің танылуы болып табылады.


