Дүниежүзілік денсаулық күні – ТДМ 3 аясында — ҚазҰУ

91ý

Дүниежүзілік денсаулық күні – ТДМ 3 аясында

7 сәуір 2026
Дүниежүзілік денсаулық күні – ТДМ 3 аясында

2026 жылдың 7 сәуірінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Биология және биотехнология факультетінде Ботаника және агроэкология кафедрасының профессор м.а., биология ғылымдарының кандидаты Мамурова Әсем Тлеужанқызы ББ23-07, ББ23-10, ББ25-11 және ББ25-18 топтарының студенттеріне Дүниежүзілік денсаулық күніне орай тәрбие сағатын ұйымдастырды.

Аталған іс-шара барысында студенттерге адам денсаулығын сақтау мен нығайтудың маңыздылығы, салауатты өмір салтын қалыптастыру, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі және жұқпалы аурулардың алдын алу мәселелері жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Дөңгелек үстел аясында студенттер жіті респираторлық вирустық инфекциялар (ЖРВИ), тұмау, COVID-19 және басқа да қабыну ауруларының таралу себептері мен олардың алдын алу шараларын талқылады. Қатысушылар иммунитетті күшейтудің маңыздылығына тоқталып, жеке бас гигиенасын сақтау, дәрумендерге бай тағамдарды тұтыну, дене белсенділігі мен дұрыс ұйқы режимінің денсаулыққа оң әсерін атап өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттердің денсаулық мәдениетін қалыптастыру, жұқпалы және қабыну ауруларының алдын алу жолдары туралы білімдерін арттыру, сондай-ақ салауатты өмір салтын насихаттау болды.

Дүниежүзілік денсаулық күні жыл сайын 7 сәуірде аталып өтеді. Бұл күн Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бастамасымен белгіленген және қоғам назарын денсаулық сақтау мәселелеріне аударуға бағытталған.

Аталған күн Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму жолындағы маңызды мақсаттарының бірімен тығыз байланысты:

* ТДМ 3: Денсаулық пен әл-ауқат – барлық жастағы адамдар үшін салауатты өмір салтын қамтамасыз етуге және олардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған. Аурулардың алдын алу, халық денсаулығын сақтау және өмір сүру сапасын жақсарту осы мақсаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.

📍 Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

📅 7 сәуір 2026 жыл

👥 Қатысушылар:
ББ23-07, ББ23-10, ББ25-11 және ББ25-18 топтарының студенттері

👩🏫 Ұйымдастырушы:
б.ғ.к., Ботаника және агроэкология кафедрасының профессор м.а. Мамурова Әсем Тлеужанқызы


🏛️ Ботаника және агроэкология кафедрасы