Шыңжаң университетінің студенттері ҚазҰУ жазғы мектебі аясында тұрақты туризмді зерттеуде — ҚазҰУ

91ý

Шыңжаң университетінің студенттері ҚазҰУ жазғы мектебі аясында тұрақты туризмді зерттеуде

27 маусым 2026
Шыңжаң университетінің студенттері ҚазҰУ жазғы мектебі аясында тұрақты туризмді зерттеуде

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде Шыңжаң университетінің студенттеріне арналған жазғы мектеп өтуде. Бағдарлама академиялық алмасуды дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және тұрақты туризм саласындағы практикалық білімді қалыптастыруға бағытталған.

Рекреациялық география және туризм кафедрасы тарапынан жауаптылар — Байбуриев Р. М. және Сатқали И. Қ.

Бағдарлама аясында қатысушылар Аюсай шатқалы мен Аюсай сарқырамасына барып, өңірдің табиғи-рекреациялық әлеуетімен, экологиялық туризмді ұйымдастыру ерекшеліктерімен, сондай-ақ табиғи ландшафттарды сақтау және туристік ресурстарды тұрақты пайдалану мәселелерімен танысты.

 

Практикалық экскурсиялар студенттерге теориялық білімдерін кеңейтіп қана қоймай, табиғи аумақтардың тұрақты туризмді дамытудағы, экологиялық ағартудағы және мәдениетаралық өзара әрекеттестікті нығайтудағы рөлін нақты ортада зерттеуге мүмкіндік береді.

Жазғы мектептің өткізілуі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарымен, атап айтқанда ТДМ 4 «Сапалы білім», ТДМ 8 «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», ТДМ 11 «Тұрақты қалалар мен елді мекендер», ТДМ 15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» және ТДМ 17 «Тұрақты даму мүддесіндегі серіктестік» мақсаттарымен үндеседі.

Жазғы мектеп халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға, студенттердің тұрақты туризмге деген қызығушылығын арттыруға және туризм мен қонақжайлылық саласындағы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді.