«Техногенді бүлінген экожүйелер: топырақ-ботаникалық аспектілері жне қалпына келтіру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті — ҚазҰУ

91ý

«Техногенді бүлінген экожүйелер: топырақ-ботаникалық аспектілері жне қалпына келтіру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

22 сәуір 2026
«Техногенді бүлінген экожүйелер: топырақ-ботаникалық аспектілері жне қалпына келтіру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 22 сәуірле ботаника жне агроэкология кафедрасының ұйымдастыруымен «Техногенді бүлінген экожүйелер: топырақ-ботаникалық аспектілері жне қалпына келтіру жолдары» тақырыбында дөңгелек үстел форматында танымдық-ғылыми іс-шара өткізілді.

Іс-шараны Құлымбет Қ.Қ. – PhD, ботаника жне агроэкология кафедрасының аға оқытушысы жне Тастанбекова А.А. – ботаника жне агроэкология кафедрасының оқытушысы жүргізді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылар техногендік әсер нәтижесінде бүлінген экожүйелердің қазіргі жағдайын, олардың топырақ жамылғысына жне өсімдіктер қауымдастығына тигізетін ықпалын талқылады. Сонымен қатар өндірістік жне антропогендік факторлардың салдарынан өзгеріске ұшыраған аумақтарды қалпына келтірудің ғылыми негіздері, топырақ құнарлылығын арттыру, өсімдік жамылғысын қайта қалыптастыру жне биологиялық әртүрлілікті сақтау мәселелері қарастырылды.

Қатысушылар техногенді бүлінген жерлерді қалпына келтіруде топырақ-ботаникалық зерттеулердің маңыздылығына ерекше назар аударды. Атап айтқанда, топырақтың физикалық-химиялық қасиеттерін анықтау, өсімдік түрлерінің құрамын бағалау, табиғи қалпына келу үдерістерін бақылау жне рекультивациялық шараларды дұрыс жоспарлау мәселелері кеңінен талқыланды.

Іс-шара Тұрақты даму мақсаттарының 15-мақсатына сәйкес ұйымдастырылды. Аталған мақсат құрлық экожүйелерін қорғау, қалпына келтіру жне оларды ұтымды пайдалануға жәрдемдесу, ормандарды ұтымды басқару, шөлейттенуге қарсы күрес, жердің деградация процесін тоқтату жне кері қайтару, сондай-ақ биологиялық әртүрліліктің жоғалуын болдырмауға бағытталған.

Дөңгелек үстел соңында қатысушылар техногенді бүлінген экожүйелерді қалпына келтіру қазіргі экология, топырақтану, ботаника жне агроэкология салалары үшін өзекті ғылыми әрі практикалық бағыттардың бірі екенін атап өтті. Мұндай іс-шаралар экологиялық білімді арттыруға, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалануға жне қоршаған ортаны қорғау мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

 

Ботаника жне агроэкология кафедрасы