Денім сау болсын десең, дұрыс тамақтан
2026 жылғы 2 маусым күні Ботаника және агроэкология кафедрасында куратор-эдвайзер, PhD, аға оқытушы Ж.А. Абдукадированың жетекшілігімен «6В05102 – Биология» білім беру бағдарламасының 1-курс 25-17, 25-18 топ студенттерімен «Денім сау болсын десең, дұрыс тамақтан» тақырыбында ТДМ 3 «Барлық жастағы адамдардың әл-ауқатын арттыру» аясында ашық кураторлық сағат өткізілді.
Іс-шара барысында дұрыс тамақтанудың адам денсаулығын сақтаудағы маңызы, салауатты өмір салтын қалыптастыру және аурулардың алдын алу мәселелері талқыланды. Студенттерге күнделікті тағам рационында дәрумендер мен минералдарға бай өнімдерді тұтынудың, жеткілікті мөлшерде су ішудің және тамақтану тәртібін сақтаудың пайдасы туралы ақпарат берілді.
Сонымен қатар, фастфуд пен зиянды тағамдарды шамадан тыс тұтынудың адам ағзасына тигізетін кері әсерлері түсіндіріліп, жастар арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді. Денсаулықты сақтау мен нығайту әр адамның өзіне деген жауапкершілігінен басталатыны айтылды.
Ботаника және агроэкология кафедрасы
Басқа жаңалықтар