ылым мен денсаулық сақтаудағы әйелдер: сын-қатерлер мен жетістіктер
Жас ғалымдар кеңесінің қызметі және Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарын (ТДМ 5 – Гендерлік теңдік) іске асыру аясында Денсаулық сақтау саясаты және ұйымдастыру кафедрасы «ылым мен денсаулық сақтаудағы әйелдер: сын-қатерлер мен жетістіктер» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысына Медицина және денсаулық сақтау факультетінің деканы қатысып, жас ғалымдарға қолдау білдіріп, ғылым мен денсаулық сақтау жүйесінің дамуына әйелдердің қосып отырған үлесінің маңыздылығын атап өтті. Іс-шараға барлығы 12 адам қатысты.

Баяндамалармен төмендегі қатысушылар сөз сөйледі:
– Тоқтабек Аружан Мұратқызы – «Медицина» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты;
– Абашидзе Инара Исрафиловна – «Медицина» білім беру бағдарламасының 3-курс PhD докторанты;
– Курбанова Мунирам Курбановна – «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының 2-курс PhD докторанты;
– Алжанбекова Гулжан Тажибаевна – «Мейіргер ісі» білім беру бағдарламасының 2-курс PhD докторанты;
– Байкенжеева Айғаным Ахылбековна – «Медицина» білім беру бағдарламасының 1-курс PhD докторанты.

Негізгі талқыланған мәселелер:
Факультеттің магистранттары мен PhD докторанттары ғылымдағы әйелдердің кәсіби дамуы, қазіргі сын-қатерлер және жас зерттеушілерді қолдау перспективаларына арналған ғылыми баяндамаларын ұсынды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар талқыланған мәселелердің жоғары практикалық маңыздылығын атап өтті.
Дөңгелек үстел ғылыми тәжірибе алмасуға, ғылымды дамытудың өзекті мәселелерін талқылауға және академиялық ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етті.