Ұлттық тарих пен мемлекеттік идеяның цифрлік және жасанды интеллект дәуіріндегі трансформациясы — ҚазҰУ

91ý

Ұлттық тарих пен мемлекеттік идеяның цифрлік және жасанды интеллект дәуіріндегі трансформациясы

11 мамыр 2026
Ұлттық тарих пен мемлекеттік идеяның цифрлік және жасанды интеллект дәуіріндегі трансформациясы

2026 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Жоғары оқу орнына дейінгі білім беру факультетінің ұйымдастыруымен «Ұлттық тарих пен мемлекеттік идеяның цифрлық және жасанды интеллект дәуіріндегі трансформациясы» атты халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті.

 

 

 

 

Конференцияға Қазақстан, Өзбекстан және Әзірбайжаннан келген жетекші ғалымдар, сарапшылар, докторанттар мен жас зерттеушілер қатысып, тарих ғылымы мен заманауи технологиялардың өзара ықпалдастығы мәселелерін талқылады. ылыми жиын аясында ұлттық тарихты зерттеу мен оқытудағы жасанды интеллекттің мүмкіндіктері, тарихи мұраны цифрландыру, архив қорларын заманауи технологиялар арқылы сақтау және ұлттық кодтың жаңа дәуірдегі трансформациясы мәселелері кеңінен қарастырылды.

 

 

 

 

Конференцияның ашылу салтанатында факультет деканы А.А. Бектанов сөз сөйлеп, ұлттық құндылықтарды сақтау мен цифрлық жаңғыру үдерістерінің өзара сабақтастығына тоқталды. Пленарлық отырыстар мен секциялық мәжілістер барысында қатысушылар ғылыми баяндамалар жасап, тарих ғылымындағы цифрлық технологиялардың рөлі мен білім беру үдерісіне енгізудің тиімді жолдары жөнінде пікір алмасты.

Шара барысында ғалымдар мен жас зерттеушілер өз тәжірибелерімен бөлісіп, тарихи зерттеулердің жаңа әдіснамалық бағыттарын талқылады. Қатысушылар тарих пен технологияның тоғысуы ғылыми ізденістердің жаңа мүмкіндіктерін ашатынын атап өтіп, халықаралық ынтымақтастықты дамытуға қатысты ұсыныстарын ортаға салды. 

 

 

 

Конференция соңында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар қамтылған қарар қабылданды. Аталған іс-шара ұлттық тарихты зерттеу мен насихаттаудың заманауи тәсілдерін дамытуға, жас ғалымдардың ғылыми әлеуетін арттыруға және халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға маңызды үлес қосты