Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының ылыми кеңес мәселелері мен индикативтік жоспарлау қорытындыларына арналған отырысы — ҚазҰУ

91ý

Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының ылыми кеңес мәселелері мен индикативтік жоспарлау қорытындыларына арналған отырысы

23 маусым 2026
Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасының ылыми кеңес мәселелері мен индикативтік жоспарлау қорытындыларына арналған отырысы

📅 2026 жылғы 23 маусым күні сағат 11:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық процесс және криминалистика кафедрасында 2026 жылғы 16 маусымдағы Университет ылыми кеңесінің отырысында қаралған мәселелерді талқылауға арналған кафедра отырысы өтті.

Отырыс барысында университет пен кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері қарастырылып, 2025–2026 оқу жылындағы индикативтік жоспардың орындалуы мен профессор-оқытушылар құрамының рейтинг қорытындылары талқыланды. Сонымен қатар, рейтингтік балдарды бөлу көрсеткіштері, олардың талдауы және қорытынды рейтингтік балдың құрылымы, оның ішінде оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмыстарының үлесі қарастырылды.

2026–2027 оқу жылына арналған индикативтік жоспарлау жүйесін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Атап айтқанда, деректер архитектурасы мен KPI дашбордтарын қалыптастыру логикасы, стратегиялық мақсаттар мен KPI-дан Data Lake, ETL процестері және Power BI аналитикасына көшу, семантикалық модель (Data Mart) әзірлеу, сондай-ақ факультеттер мен кафедралардың негізгі көрсеткіштерін көрсететін дашборд беттерінің құрылымы талқыланды.

Сонымен қатар, ғылыми атақ алуға ұсынылған оқытушылардың ғылыми көрсеткіштері және доцент пен профессор атақтарына ұсынылған кандидаттар саны қарастырылды.

Отырыс ғылыми және білім беру қызметін дамытуға бағытталған өзекті мәселелерді белсенді талқылау жағдайында өтті.