ҚазҰУ түлектеріне заманауи дипломдар табысталады — ҚазҰУ

91ý

ҚазҰУ түлектеріне заманауи дипломдар табысталады

26 маусым 2026
ҚазҰУ түлектеріне заманауи дипломдар табысталады

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бұрынғы үлгідегі құжаттардың 5 жылдық заңды мерзімі аяқталуына байланысты биылғы түлектер үшін заманауи үлгідегі жаңа дербес дипломдарды әзірледі.

Жаңа диплом заңнамалық талаптар мен университеттің корпоративтік стилін сақтай отырып, халықаралық тәжірибе негізінде үш тілде әзірленді. Ресмилігі мен қолдануға қолайлылығын арттыру үшін заманауи тік формат таңдалды. Сондай-ақ қауіпсіздікті жоғары деңгейде қамтамасыз ету мақсатында бірегей QR-код пен арнайы тангирлік тор сияқты қорғаныс элементтері енгізілді.

Жаңа форматтағы құжат түлектердің еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізетін халықаралық стандарттарға сай жасалған.