Environmental Sustainability: Innovations, Challenges, and Solutions (ICESICS 2025) — ҚазҰУ

91ý

Environmental Sustainability: Innovations, Challenges, and Solutions (ICESICS 2025)

10 қазан 2025
Environmental Sustainability: Innovations, Challenges, and Solutions (ICESICS 2025)

2025 жылғы 6–8 қазан аралығында Биотехнология кафедрасының жас ғалымдары Кистаубаева А.С., Шокатаева Д.Х. және Талипова А. ұйымдастыруымен «Экологиялық тұрақтылық: инновациялар, сын-қатерлер және шешімдер» / Environmental Sustainability: Innovations, Challenges, and Solutions (ICESICS 2025) атты халықаралық конференция өткізілді.

Іс-шараның негізгі мақсаты — экологиялық тұрақтылық саласындағы өзекті мәселелерді талқылау, қоршаған ортаны қорғауға бағытталған инновациялық шешімдерді ұсыну, сондай-ақ жас ғалымдар, зерттеушілер, оқытушылар мен білім алушылар арасында ғылыми тәжірибе алмасуға мүмкіндік жасау болды.

Конференция барысында экология, биотехнология, қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, қалдықтарды басқару, биоремедиация, жасыл технологиялар және тұрақты даму бағыттары бойынша баяндамалар жасалды. Қатысушылар экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, климаттық өзгерістердің салдарын азайту және табиғатты қорғау саласындағы заманауи ғылыми тәсілдер туралы пікір алмасты.

Аталған халықаралық конференция ғылыми ынтымақтастықты нығайтуға, экологиялық мәселелерді шешудегі инновациялық идеяларды дамытуға және тұрақты даму мақсаттарын іске асыруға бағытталған маңызды ғылыми алаң болды. Іс-шара қатысушылардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына қызығушылығын күшейтуге ықпал етті.