- Басты бет
- Жаңалықтар
- География және табиғатты пайдалану факультетінде ылыми кеңестің кезекті отырысы өтті
География және табиғатты пайдалану факультетінде ылыми кеңестің кезекті отырысы өтті
2026 жылғы 26 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті. Отырысқа ылыми кеңес мүшелері, кафедра меңгерушілері, профессор-оқытушылар құрамы және факультеттің құрылымдық бөлімшелерінің жауапты қызметкерлері қатысты.
ылыми кеңестің күн тәртібінде факультеттің білім беру, ғылыми-зерттеу, инновациялық және халықаралық қызметінің өзекті мәселелері қаралды.
.jpeg)
Отырыс барысында университет ғылыми кеңесінде және факультет деканатының отырыстарында қабылданған шешімдердің орындалу барысы талқыланып, факультеттің 2025–2026 оқу жылындағы индикативтік жоспарын орындау нәтижелері жан-жақты талданды. Сонымен қатар профессор-оқытушылар құрамының, кафедралар мен факультеттің рейтингтік көрсеткіштері қарастырылып, QS халықаралық рейтингі бойынша академиялық беделді арттыру, халықаралық сарапшылар базасын кеңейту және ғылыми жарияланымдық белсенділікті күшейту жөніндегі алдағы міндеттер айқындалды.
Күн тәртібінің маңызды мәселелерінің бірі 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріндегі емтихан сессиясының қорытындылары болды. Кеңес мүшелері білім алушылардың академиялық үлгерімі, GPA көрсеткіштері, академиялық қарыздар, FX бағалары, апелляциялар, қорытынды бақылаудың сапасы мен ашықтығы, сондай-ақ бағалау жүйесін жетілдіру мәселелерін талқылады. Емтихан тапсырмаларының сапасын арттыру, бағалау критерийлерін нақтылау және академиялық тәуекелдерді төмендетуге бағытталған ұсыныстар қабылданды.
.jpeg)
Отырыста PhD докторларын даярлау және докторлық диссертацияларды қорғаудың қазіргі жағдайына ерекше назар аударылды. Докторанттардың даярлық деңгейі, кафедралар бойынша қорғау нәтижелері, ғылыми жетекшілердің жұмысы, тәуекел тобындағы докторанттармен жүргізілетін жұмыстар және диссертацияларды уақытылы қорғауды қамтамасыз ету бойынша ұйымдастырушылық шаралар қарастырылды. Докторанттардың жеке жол карталарын әзірлеу, тұрақты мониторинг жүргізу және ғылыми-әдістемелік сүйемелдеуді күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар факультеттің халықаралық қызметін дамыту мәселелері қарастырылып, білім алушылардың халықаралық академиялық ұтқырлық және Erasmus+ бағдарламаларына қатысу нәтижелері тыңдалды. ылыми кеңес халықаралық серіктестікті кеңейту, студенттер мен профессор-оқытушылар құрамының академиялық ұтқырлығын дамыту бағытындағы жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Күн тәртібіне сәйкес білім алушылардың GPA көрсеткіштерін арттыру мақсатында бейресми білім беру нәтижелерін тану тетіктері талқыланып, оларды білім беру үдерісіне енгізу бойынша ұсыныстар қаралды.
Сондай-ақ Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасының оқытушылары дайындаған «Наноматериалдар және қоршаған орта» атты оқулықты Республикалық оқу-әдістемелік кеңестің қарауына ұсыну туралы мәселе қаралып, оқулықты оқу үдерісіне енгізудің ғылыми және әдістемелік маңыздылығы атап өтілді.
Отырыс қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, факультеттің білім беру сапасын арттыруға, ғылыми әлеуетін нығайтуға, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге және стратегиялық даму көрсеткіштерін жақсартуға бағытталған тиісті шешімдер қабылданды.

Басқа жаңалықтар