Шыңжаң университетінің студенттері ҚазҰУ жазғы мектебі аясында Шарын шатқалына барды — ҚазҰУ

91ý

Шыңжаң университетінің студенттері ҚазҰУ жазғы мектебі аясында Шарын шатқалына барды

29 маусым 2026
Шыңжаң университетінің студенттері ҚазҰУ жазғы мектебі аясында Шарын шатқалына барды

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінде Шыңжаң университетінің студенттеріне арналған жазғы мектеп жалғасуда. Бағдарлама академиялық алмасуды дамытуға, халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға және тұрақты туризм саласында практикалық білім қалыптастыруға бағытталған.

Рекреациялық география және туризм кафедрасы тарапынан жауаптылар – Байбуриев Р.М., Әділбай Б. С. және Сатқали И. Қ.

Жазғы мектеп бағдарламасы аясында қатысушылар Шарын шатқалына барып, өңірдің табиғи-рекреациялық әлеуетімен, экологиялық туризмді ұйымдастыру ерекшеліктерімен, бірегей табиғи ландшафттарды сақтау және туристік ресурстарды тұрақты пайдалану мәселелерімен танысты.

Практикалық выезд Шыңжаң университетінің студенттеріне ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тұрақты туризмді дамытудағы, экологиялық ағартушылықтағы және мәдениетаралық өзара іс-қимылды нығайтудағы рөлін жергілікті жерде зерделеуге мүмкіндік берді.

Шарын шатқалына бару студенттердің Қазақстанның табиғи мұрасы, өңірдің туристік тартымдылығы және қоршаған ортаға жауапкершілікпен қараудың маңызы туралы білімін кеңейтті.

Жазғы мектептің өткізілуі БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына, соның ішінде 4-мақсат «Сапалы білім», 8-мақсат «Лайықты жұмыс және экономикалық өсу», 11-мақсат «Тұрақты қалалар мен елді мекендер», 15-мақсат «Құрлық экожүйелерін сақтау» және 17-мақсат «Тұрақты даму жолындағы әріптестік» мақсаттарына сәйкес келеді.

           Жазғы мектеп халықаралық академиялық байланыстарды нығайтуға, студенттердің тұрақты туризмді дамытуға қызығушылығын арттыруға және туризм мен қонақжайлылық саласындағы болашақ мамандардың кәсіби құзыреттерін қалыптастыруға ықпал етеді.