ТДМ -13 және ТДМ -15 шеңберінде Мерекеев Айбек Айтоллаевич докторлық диссертациясын алдын ала қорғау — ҚазҰУ

91ý

ТДМ -13 және ТДМ -15 шеңберінде Мерекеев Айбек Айтоллаевич докторлық диссертациясын алдын ала қорғау

30 маусым 2026
ТДМ -13 және ТДМ -15 шеңберінде Мерекеев Айбек Айтоллаевич докторлық диссертациясын алдын ала қорғау

2026 жылғы 30 маусымда, сағат 12:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің География және табиғатты пайдалану факультетінде Тұрақты даму мақсаттары бойынша ғылыми семинар аясында Мерекеев Айбек Айтоллаевичтің докторлық диссертациясын алдын ала қорғау өтті. Қорғау ТДМ-13 «Климаттың өзгеруімен күрес» және ТДМ-15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» бағыттары аясында ұйымдастырылды.

Диссертациялық жұмыстың тақырыбы – «Батыс Тянь-Шань аумағындағы мұздықтар мен белсенді тас глетчерлерді ЖҚЗ деректерін пайдалана отырып зерттеу». Жұмыс 8D07302 – Геоинформатика білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылды. Алдын ала қорғау гибридті форматта өткізілді.

Диссертациялық жұмыс климаттың өзгеруі жағдайында Батыс Тянь-Шань криосферасының қазіргі жағдайын кешенді бағалауға бағытталған. Зерттеуде Жерді қашықтан зондтау деректері, Жер бедерінің сандық үлгілері және машиналық оқыту әдістері қолданылып, мұздықтардың деградациясы, тасты глетчерлердің белсенділігі, геодезиялық массалық баланстың өзгерісі және климаттық факторлардың әсері қарастырылды. Алынған нәтижелер климаттық өзгерістердің тау аймақтарындағы су ресурстары мен табиғи жүйелерге ықпалын бағалауға ғылыми негіз қалыптастырады.

Зерттеу ТДМ-15 «Құрлық экожүйелерін сақтау» мақсатымен де тығыз байланысты. Мұздықтар мен тасты глетчерлер тау экожүйелерінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады және олардың өзгерісі өзен ағынына, су қорына, ландшафт тұрақтылығына және табиғи қауіп-қатерлерге тікелей әсер етеді. Осы тұрғыдан алғанда, зерттеу нәтижелері тау криосферасын мониторингтеу, табиғи ресурстарды тиімді басқару және құрлық экожүйелерінің тұрақтылығын сақтау үшін маңызды қолданбалы мәнге ие.

Алдын ала қорғау барысында ізденуші диссертациялық зерттеудің негізгі нәтижелерін таныстырып, жұмыстың ғылыми жаңалығын, теориялық негізділігін және практикалық маңыздылығын дәлелдеді. Баяндама барысында зерттеудің мақсаты мен міндеттері, қолданылған әдістері және алынған негізгі нәтижелері жүйелі түрде көрсетілді.

Талқылау кезінде ізденуші алдын ала қорғау комиссиясы мүшелері мен рецензенттер тарапынан қойылған сұрақтарға толық әрі негізделген жауап берді. Қорытындысында диссертациялық жұмысқа оң баға беріліп, айтылған ескертулер мен ұсыныстарды ескере отырып, оны келесі кезеңдегі қорғауға ұсыну ұсынылды.

 

ылыми кеңесшілер:

Отандық ғылыми кеңесші:

Нуракынов С.М. – Ph.D, Ионосфера институты (Алматы, Қазақстан)

Шетелдік ғылыми кеңесші 

Тобиас Болх – доктор, профессор Грац техникалық университеті (Грац, Австрия)

Рецензенттер:

Какимжанов Е.Х. – Ph.D, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінің картография және геоинформатика кафедрасыныңқауымдастырылған профессоры (Алматы, Қазақстан).

Орынбасарова Э.О. – Ph.D, Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті жанындағы Геоматика инновациялық орталығының жетекшісі (Алматы, Қазақстан).