ТДМ-15 және ТДМ-2 шеңберінде Мукалиев Жандос Қайратовичтың докторлық диссертациясын алдын ала қорғау — ҚазҰУ

91ý

ТДМ-15 және ТДМ-2 шеңберінде Мукалиев Жандос Қайратовичтың докторлық диссертациясын алдын ала қорғау

1 шілде 2026
ТДМ-15 және ТДМ-2 шеңберінде Мукалиев Жандос Қайратовичтың докторлық диссертациясын алдын ала қорғау

30 маусым 2026

2026 жылғы 30 маусым, сағат 10:00-де әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің география және табиғатты пайдалану факультетінде Тұрақты даму мақсаттары бойынша ғылыми семинар аясында Мукалиев Жандос Қайратовичтың докторлық диссертациясының алдын ала қорғауы өтті. Бұл қорғау ТДМ-15 «Құрлықтағы экожүйелерді сақтау» және ТДМ-2 «Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігі» аясында ұйымдастырылды. Бұл диссертациялық жұмыс тақырыбы: «Семей сынақ полигонындағы агроландшафтарды аймақтық талдау және сандық мәліметтер базасын құру», және ол 8D07302 - Геоинформатика білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (Ph.D.) дәрежесін алу үшін ұсынылды. Қорғау гибридті форматта өткізілді.

Диссертациялық жұмыс Тұрақты даму мақсаты № 15 (Құрлықтағы экожүйелерді сақтау) аясында жүзеге асырылып, Семей сынақ полигоны аумағындағы жер деградациясы үрдістерін анықтауға, ландшафттық алуантүрлілікті бағалауға және экожүйелердің тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Қашықтан зондтау және ГАЖ технологияларын қолдану арқылы жасалған сандық деректер базасы құрлықтағы экожүйелерді ұзақ мерзімді мониторингтеуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, зерттеу Тұрақты даму мақсаты № 2 (Аштықты жою, азық-түлік қауіпсіздігі) талаптарына сәйкес, полигон аумағындағы 224 397 гектар ауылшаруашылық жерінің жарамдылығын бағалауға және тұрақты ауыл шаруашылығын дамытуға ықпал етеді. Бұл агроландшафттардың әлеуетін ғылыми негізде анықтау арқылы азық-түлік қауіпсіздігін нығайтуға бағытталған тәжірибелік ұсыныстар әзірлеуге негіз болады.


Алдын ала қорғау барысында ізденуші зерттеудің негізгі нәтижелерін таныстырып, жұмыстың ғылыми жаңалығын және практикалық маңыздылығын дәлелдеді, сондай-ақ ғылыми кеңесшілер мен рецензенттердің сұрақтарына жауап берді. Талқылау қорытындысы бойынша диссертациялық жұмысқа оң баға беріліп, айтылған ескертулерді ескере отырып, оны келесі қорғауға ұсыну ұсынылды.

 

ылыми кеңесшілер:

Асылбекова Айжан Асылбековна - PhD, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ картография және геоинформатика кафедрасының меңгерушісі, доцент (Алматы, Қазақстан)

Шетелдік ғылыми кеңесші - Eric Shook, PhD, Миннесота университетінің география, қоршаған орта және қоғам кафедрасының доценті (АҚШ)

 

Рецензенттер:

Какимжанов Е.Х. - PhD, қауымдастырылған профессор, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, картография және геоинформатика кафедрасы (Алматы, Қазақстан)

Самарханов Қ.Б. - доцент м.а., география ғылымдарының кандидаты, PhD, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, физикалық және экономикалық география кафедрасы (Астана, Қазақстан)