Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында 2025–2026 оқу жылының қорытындылары шығарылды — ҚазҰУ

91ý

Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында 2025–2026 оқу жылының қорытындылары шығарылды

30 маусым 2026
Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында 2025–2026 оқу жылының қорытындылары шығарылды

2026 жылғы 30 маусымда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті География және табиғатты пайдалану факультетінің Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасында 2025–2026 оқу жылының қорытындысы бойынша кафедраның қорытынды отырысы өтті. Отырысты кафедра меңгерушісі, география ғылымдарының кандидаты, профессор Т.А. Базарбаева жүргізді.

Отырыс барысында кафедра қызметінің негізгі мәселелері қаралды. Негізгі назар 2025–2026 оқу жылының көктемгі семестріндегі емтихан сессиясының қорытындыларына, факультет пен кафедраның профессор-оқытушылар құрамының индикативтік жоспарының орындалуына, QS халықаралық академиялық сарапшыларымен жүргізілген жұмыстардың нәтижелеріне, сондай-ақ AI-Sana жобасының іске асырылуына аударылды.

Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша емтихан сессиясының нәтижелеріне талдау жасалды. Білім беру процесінің сапасын одан әрі арттыру мақсатында білім беру бағдарламалары, пәндер және оқытушылар бойынша үлгерімге жан-жақты талдау жүргізу туралы шешім қабылданды. Бұл ретте FX, INCOMPLETE бағаларының, академиялық қарыздардың және апелляциялардың саны жоғары пәндерге ерекше назар аудару тапсырылды. Оқытушыларға пәндердің мазмұнын, бағалау критерийлерін, емтихан тапсырмаларын және қорытынды бақылаудың жарияланған оқу нәтижелеріне сәйкестігін талдау ұсынылды. Сонымен қатар, кафедраға магистратураның білім беру бағдарламалары бойынша емтихан сұрақтарының мазмұнын магистранттардың зерттеушілік, аналитикалық және қолданбалы даярлығына қойылатын заманауи талаптарды ескере отырып жетілдіру тапсырылды.

Факультеттің индикативтік жоспарының орындалуын талқылау барысында QS халықаралық сарапшыларымен өзара іс-қимыл нәтижелері және университеттің рейтингтік позицияларын нығайтуға бағытталған алдағы іс-шаралар жоспары ұсынылды. География және табиғатты пайдалану факультетінің барлық кафедралары әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың үздік 39 кафедрасының қатарына кіретіні, ал Тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО кафедрасы факультеттің бес кафедрасы арасында 4-орында екені атап өтілді.

Оқытушылар QS халықаралық академиялық сарапшыларының санын арттыруға бағытталған іс-шаралар жоспарымен таныстырылды.

Күн тәртібіндегі жеке мәселе ретінде AI-Sana жобасының іске асырылуы туралы ақпарат қарастырылып, жоба бойынша атқарылған жұмыстардың қазіргі нәтижелері мен оны одан әрі дамыту бағыттары талқыланды. Оқыту мерзімдерін уақтылы аяқтау, сертификаттарды алу және оқу материалдарына қолжетімділікті сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Отырысты қорытындылай келе, кафедра меңгерушісі Т.А. Базарбаева білім алушыларды даярлау сапасын одан әрі арттырудың, кафедраның стратегиялық даму көрсеткіштерін орындаудың, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтудің және профессор-оқытушылар құрамының әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің басым міндеттерін іске асыруға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтті.