🎉 Философия және саясаттану факультеті Гульмира Сериковна Абдирайымованы маңызды ғылыми жетістігімен шын жүректен құттықтайды!
Гүлмира Серікқызы 2021–2025 жылдар аралығында Әлеуметтану ғылымдары бағыты бойынша Web of Science дерекқорында жарияланған ғылыми мақалалары мен шолу еңбектеріне жасалған дәйексөздер саны бойынша Қазақстанда еңбек ететін ең көп дәйексөз келтірілетін авторлар тізіміне енді (2026 жылғы маусымдағы деректер бойынша).
Аталған тізімді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы дайындады.
https://qazscience.gov.kz/files/mostcited/504.html
Бұл – жоғары ғылыми кәсібиліктің, табанды еңбектің және отандық ғылымның дамуына қосқан зор үлестің жарқын дәлелі.
Құрметті Гульмира Сериковна, Сізге зор денсаулық, жаңа ғылыми табыстар, халықаралық деңгейдегі жетістіктер мен шығармашылық шабыт тілейміз! ылымдағы биік белестеріңіз арта берсін!
Басқа жаңалықтар