ылым-ел мақтанышы — ҚазҰУ

91ý

ылым-ел мақтанышы

1 шілде 2026
ылым-ел мақтанышы

Философия және саясаттану факультеті факультеттің жас ғалымы Бекенова Жұмагүл Нұрдәулетқызын елеулі ғылыми жетістігімен шын жүректен құттықтайды!

Жұмагүл Нұрдәулетқызы «Саясаттану ғылымдары» бағыты бойынша 2021–2025 жылдар аралығында Web of Science дерекқорында жарияланған ғылыми мақалалары мен шолу еңбектеріне жасалған дәйексөздер саны бойынша Қазақстанда еңбек ететін ең көп дәйексөз алынған авторлар тізіміне енді (2026 жылғы маусымдағы деректер бойынша).

Аталған тізімді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы дайындады.
https://qazscience.gov.kz/files/mostcited/506.html

Бұл жетістік – жас ғалымның табанды еңбегінің, ғылымға деген адалдығы мен кәсіби ізденісінің нәтижесі. Сонымен қатар, бұл – факультетіміздің ғылыми әлеуеті мен отандық ғылымның дамуына қосылып жатқан үлестің жарқын көрінісі.

Құрметті Жұмагүл Нұрдәулетқызы! Сізге ғылым жолында тың бастамалар, батыл идеялар мен жаңа жетістіктер және кәсіби дамудың жаңа белестерін тілейміз! ылыми ізденістеріңіз әрдайым жемісті болып, алар асуларыңыз көбейе берсін!