Философия және саясаттану факультеті Тұңғатова Ұлжан Асқарбайқызын елеулі ғылыми жетістігімен шын жүректен құттықтайды!
Ұлжан Асқарбайқызы «Саясаттану ғылымдары» бағыты бойынша 2021–2025 жылдар аралығында Web of Science дерекқорында жарияланған ғылыми мақалалары мен шолу еңбектеріне жасалған дәйексөздер саны бойынша Қазақстанда еңбек ететін ең көп дәйексөз алынған авторлар тізіміне енді (2026 жылғы маусымдағы деректер бойынша).
Аталған тізімді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы дайындады.
https://qazscience.gov.kz/files/mostcited/506.html
Бұл жетістік – саяси ғылымдар саласындағы терең зерттеулердің, ғылыми еңбектердің жоғары бағалануының және отандық ғылымның дамуына қосқан қомақты үлестің айқын дәлелі.
Құрметті Ұлжан Асқарбайқызы! Сізге ғылыми жобаларыңыздың табысты жүзеге асуын және кәсіби қызметіңізде жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз!
Басқа жаңалықтар