ылым-ел мақтанышы — ҚазҰУ

91ý

ылым-ел мақтанышы

1 шілде 2026
ылым-ел мақтанышы

Философия және саясаттану факультеті қауымдастырылған профессор Муминов Нұрлан Әкімбайұлын елеулі ғылыми жетістігімен шын жүректен құттықтайды!

Нұрлан Әкімбайұлы «Әлеуметтік ғылымдар» бағыты бойынша 2021–2025 жылдар аралығында Web of Science дерекқорында жарияланған ғылыми мақалалары мен шолу еңбектеріне жасалған дәйексөздер саны бойынша Қазақстанда еңбек ететін ең көп дәйексөз алынған авторлар тізіміне енді (2026 жылғы маусымдағы деректер бойынша).

Аталған тізімді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы дайындады.
https://qazscience.gov.kz/files/mostcited/5.html

Бұл – жоғары ғылыми кәсібиліктің, қажырлы еңбектің және ғылымды дамыту жолындағы жүйелі ізденістің нәтижесі.

Құрметті Нұрлан Әкімбайұлы! Сізге ғылыми қызметіңізде жаңа белестерді бағындыруға, іргелі зерттеулеріңізге мол табыс, шәкірттеріңізге бағыт-бағдар берер қажыр-қайрат тілейміз. Еңбегіңіздің жемісін көріп, ғылым көкжиегінде жаңа жетістіктерге жете беруіңізге тілектеспіз!